Биыл Жамбыл облысында 125 млн АҚШ доллар инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл көрсеткіш тағы да артуы мүмкін. Өңірде өтетін “Достық” жәрмеңкесін пайдалана отырып, мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек. Әкімдіктің кеңейтілген мәжілісінде облыс әкімі осылай деді. Алқалы жиында аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері айтылып, алдағы мақсат-міндеттер нақтыланды.