Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25% деңгейінде сақтап қалды. Мұндай шешім қабылдауға инфляцияның өсуі мен теңгенің әлсіреуі себеп болған. Сондай-ақ, әлемдік азық-түлік бағасының шарықтауы мен еліміздің негізгі сауда серіктесі Ресейдегі инфляцияның күшеюі де оған біршама әсер еткен.