Бүгінде жасөспірімдер қылмысы - өзекті болып тұр.Аймақта кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыс саны 50 пайызға өскен. Өкінішке орай, өз-өзіне қол жұмсау,үйден кетіп қалу сынды әрекеттер де бар.
Өзекті болып тұрған мәселе бүгін облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында қаралды.