Тарихы тағылымға толы Тараздың тек қазақ ғана емес, күллі Түркінің шежіресінде алар орны айрықша. Сондықтан болар Тараздың төл мерекесі жалпыхалықтық мейрамға айналып, кең көлемде атап өту игі дәстүрге айналған. Сол дәстүр биыл да жалғасын тауып, бірнеше күннен бері Қала күніне арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мерекелік шаралардың легі «Көне Тараз» кешенінде өткен «Сүйікті қалам, Тараз!» атты концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.