Мәслихат депутаттарының сайлаушылар алдындағы есебі көбіне формалды түрде өтеді. Бүгін Мәслихат депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті депутаттардың жұмысын осылай сынға алды. Сондықтан олардың біліктілігін арттыруды тапсырып, мәслихаттар мен әкімдіктерді үйлесімді жұмыс істеуге шақырды. Әрі әкімдіктердің жұмысын беталды сынайтын азаматтарға қатысты да айтып, қоғамдағы түйіткілдерге тоқталды.