Өткен күзде әскерге шақырылған сарбаздардың әскери қызмет мерзімі аяқталды. Бүгін "Оңтүстік" аймақтық қолбасшылығының әскери бөлімдерінде сарбаздарды үйлеріне салтанатты түрде шығарып салуға арналған іс-шара өтті.

Отан алдындағы міндетін абыроймен атқарған Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші механикаландырылған бригаданың мерзімді қызмет сарбаздары үйлеріне қайтты.