Түркиядағы АЭС құрылысы – Мерсин провинциясының тынысына серпіліс әкелді. Жерорта теңізінің жағасындағы «Аккую» деген жер әлемдегі ең алып құрылыс алаңына айналып отыр. Онда 20 мыңдай жұмыс орыны ашылған. Соның айналасында бірқатар өндіріс орындары пайда болып, жолдар мен тоннельдер салынып, бірнеше қалашықтар бой көтеріпті.
Жамбыл облысы әкімдігінің бастамасымен Түркия еліне барып қайтқан Әулиеаталық делегаттар Мерсин провинциясы, Гүлнар ауданын аралады. АЭС құрылысы әкелген өзгерістерді көзбен көрді, тұрғындармен тілдесті, аймақтағы ахуалды саралады.