Еліміздегі алғашқы әрі, ең ұзын автомобиль тоннелі пайдалануға берілді. Түркістан мен Жамбыл облысын жалғайтын нысанның құрылысы толық аяқталып, тұрғындарды қуанышқа бөлеп жатыр.
Бұлай деуіміздің де бірнеше себебі бар. Біріншіден құрылыс жұмыстары ұзақ жүрді. Екіншіден енді ауыр жүк көліктері ауылдың ішімен қатынамайды. Соған қуанған тұрғындар атсалысқан барша қызметкерлерге алғысын білдірді. Ашылу салтанатына ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев пен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек қатысты.