Еліміздің бірқатар өңірлерінде болған су тасқыны кезінде Жамбыл облысы зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетуге белсене атсалысты. Батыс Қазақстан облысына маңызды әлеуметтік нысандарды, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіріп жатқандарға қажетті матрацтар, төсек-орын жабдықтары мен арнайы киімдер жіберілді.