Жамбыл облысында 2024 жылғы дерек бойынша 3 млн 400 мың бас ірі қара малы тіркелген. Мыңғырған малдың болғаны жақсы-ау, бірақ, оларға жайылым тапшы. Бұл мәселені шешу үшін 41 елді мекеннің әкімдері мен жер қатынастары бөлімдері бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілген.

Бұл мәселе қазір облыста өзекті. Атқарушы билік шешу жолдарын жан-жақты қарастырып жатыр. Кезекті аппарат отырысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев тараптарды тыңдап, жұмыс барысымен танысты.