ҚР Парламенті депутаты жапсарлас құрылыс барысымен танысты. Жамбыл облысында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері халықпен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасына сай, жұмыстарды бақылауда.

Өңірге арнайы іссапармен келген мәжілісмен Мұқаш Ескендіров бүгін Тараздағы №15 мектептегі құрылыс жұмыстарымен танысқан еді. Мердігер жұмысына бірқатар ескертпе сын айтылды.