Облыстағы 367 елді-мекеннің небәрі 67 пайызы жылдамдығы жоғары интернетпен қамтылған. Ал, талшықты оптикалық байланыс желісі 199 аумақта бар. Пайыздық үлесі 54-ке жетер жетпес. Ал, мектептердегі байланыс жүйесін толыққанды жақсарту үшін 2027 жылға дейін 2 млрдтан астам қаражат қажет.

Тек бұл емес. Өңірде биыл 34 заманауи спорт алаңшасы салынуы тиіс. Бүгінге дейін тек 7-еуі орындалған. Жылдың аяқталуына санаулы ай қалды, жоспар орындалады ма деген сауал туындайды. Бүгін аппарат кеңесінде аймақ басшысы жауаптылардан, атқарылып жатқан жұмыстар жайын сұрады.