Өз жұмысын жүрдім-бардым атқарған мердігерлер енді бұрынғыдай айыппұлмен құтылып кете алмайды. Осындай олқылықтан аузы күйген депутаттар заң талаптарын қатаңдатуға атсалысқан. Яғни, сапасыз құрылыс үшін компания басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Облыс орталығындағы жаңғыртылып жатқан жылу жүйелерінің жай-күйімен танысқан сенат депутаты Бекболат Орынбеков айтты мұны. Еске салсақ, Тараз қаласында қазір ұзындығы 6 шақырымнан асатын жылу магистральі жаңасына ауыстырылып жатыр. Сенатор қазынадан бөлінген қыруар қаражаттың шашау шығармай мақсатты жұмсалуы мен тірліктің тиянақты әрі сапалы атқарылуын қадағалау қажеттігін айтты.