Еліміз бойынша барлық елді-мекен 2025 жылға дейін таза сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Облыс бойынша қазірдің өзінде барлық ауылдың 80 пайызы тіршілік нәрімен қамтамасыз етілсе, бұл жұмыстар бүгінде қарқын ала түскен.

Шу ауданында биылдың өзінде 8 ауылға ауыз су барғалы отыр. Ал, Дулат ауылдық округіне қарасты Бөлітірік ауылына таза су кіріп те үлгеріпті.