Бүгінде диқандар егін орағын екпінді жүргізуде. Мәселен, Шу ауданында егістікке арналған жердің 75 пайызы игеріліп үлгерген.

Алғашқылардың бірі болып, орақ науқанына кірісіп шабындыққа шалғы салған «Шу-2021» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі. Науқан кезінде 50 азаматты жұмыспен қамтып, 100 млн теңгеге техника алған.