Жамбыл облыстық қазақ драма театры 88- маусымын қорытындылады. Бұл күні өнер адамдары көрермендер қауымына маусым бойы көрсеткен қошеметі мен қолдауы үшін шынайы алғысын жеткізді.

Жазушы-драматург Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» қойылымын көпшілік назарына ұсынған театр ұжымы жыл бойы атқарған жұмыстарын да атап өтті.