Бүгін Қарулы күштердің кіші командирлері кәсіби мерекесін атап өтуде. 1996 жылы шілде айының бірінші күні ел Президенті Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл оқиға кәсіби сержанттар құрамының қалыптасуы мен даму тарихындағы негіз болып, Сержанттар күні ретінде Қарулы күштердің атаулы күндер күнтізбесіне енді.