Шәкірт тәрбиелеу, бала оқыту, оны қанаттандыру, биікке жетелеу ұстаз деген ұлы мамандыққа тән қасиет. Бүкіл ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап ерен еңбек еткен мұғалімдер аз емес.

Сондай Алша Созақбайқызы шәкірттеріне сапалы білім, саналы тәрбие беріп әр қайсысының өмірде өзіндік орнын табуға көмектескен жан. Соның арқасында зейнетке шығып, еңбегінің жемісін көріп отыр.