Жүгенсіз балалар, жауапсыз ата аналар. Бейсауат жүрген баласы үшін биыл мыңдаған ата-ана жауапкершілікке тартылған. Алайда, оң нәтиже жоқ, жасөспірімдер қылмысы да үдеп кеткен. Сондықтан, жас өрендер тәртібін таразылаған тәртіп сақшылары мен білім саласы мамандары арнайы рейдке шықты.