«Ауыл аманаты» жобасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Кооперативтерге біріккен шаруалардың қолы ұзарып, жұмысы жандануда.

Мәселен, 2022 жылы Байзақ ауданында құрылған «Жалғызтөбе» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі қазір жұмысын бір жүйеге қойған.