Бірлік пен татулық – елдігіміздің мызғымас тұғыры. Ия, өңірімізде татулық пен бірлікті насихаттау мен іске асыруда оңды істер көп. Бүгін өңір басшысы өңірдегі өзге ұлт өкілдерін қабылдап, ашық пікір алмасты. Атқарылып жатқан жұмыстарын көрді, бағасын берді.

Жамбыл облысы көптеген ұлттар мен ұлыстардың мекені. Барша этностың басын біріктірген аймақта ұлттар таулығын сақтау күн тәртібінен түскен емес.