Енді нашақорлар мәжбүрлі түрде есепке қойылуы мүмкін. Қазір есірткіге қарсы күреске арналған заңға өзгерістер енгізіліп, Парламенттегі комитет отырысында қаралып жатыр. Егер мақұлданса есірткі мен психотроптық заттарды таситындарға жаза жеңілдеп, ал есірткіні дайындайтындар өмір бойына сотталуы мүмкін.