Мемлекет өзен, көлдерді тиімді пайдаланып балық шаруашылығын дамытуға басымдық беріп отыр. Жасанды су айдындары арқылы болса да тірлікті түлеткендерге қомақты көмекқаржы да беріледі.

Балық шаруашылығын кешенді дамытуға кедергінің бірі – браконьерлер. Сондықтан, заңсыз балық аулауға қатаң тосқауыл қойылмақ.