Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры Тараз төрінде қонақта. Өңірімізге гастрольдік сапармен келген өнер ұжымы Жамбыл жұртшылығына таңдаулы туындыларын ұсынды.

Сапардың алғашқы күні театр ұжымы көрерменге қазақ әдебиетінің інжу-маржаны мен махаббат дастанына айналған М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясын сахналады.