Еліміз бойынша тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету басты мәселенің бірі болып тұр. Оны шешу үшін бүгінде тек қалада емес, ауылда да жер телімі беріліп жатыр.

Шу ауданы Төле би ауылы бойынша 800 адам үй кезегінде тұрса, олардың алғашқылары жер учаскесін ала бастады.