«Бізде бәрі тұрақты бақылауда, судан келер қауіп жоқ», деп ақпарат беріп келген әкімдер жаза арқалады. Күні кеше Жасөркендегі жұртты дүрліктірген жағдайдан соң, Жамбыл ауданының және Жасөркен ауылының әкімдеріне қатаң сөгіс жарияланды, ал салаға жауапты орынбасары болса, қызметіне толық сәйкес емес деп танылды.