Күні кеше Жамбыл ауданына қарасты Жасөркен ауылында толассыз жауын-шашынның салдарынан сел жүрген. Нәтижесінде елді мекендегі 30-дан астам үй ауласының аумағын, оның ішінде бір тұрғын үй мен уақытша құрылыс нысанына су кірген.

Оқиға орнына жедел жеткен төтеншеліктер ағын судың алдын алу үшін тиісті жұмыстар атқарды. Ауылдағы ахуалды жеке бақылауына алған облыс әкімі де елді мекенге арнайы барды.