Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Қасым-Жомарт Тоқаев Сергеевка су қоймасын, Қызылжар ауданын және Петропавл қаласының төңірегін тікұшақпен аралады. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, алты ауданда төтенше жағдай жарияланған. Қазіргі таңда 2 мыңнан астам тұрғын үйді су басқан, 10345 адам эвакуацияланған. Су тасқынына қарсы шараларға 5270 адам және 906 техника жұмылдырылған.

Солтүстік және Батыс аймақтарда әлі де су басу қаупі сейілген жоқ. Осыған байланысты тиісті шаралар жүзеге асырылып жатыр.