Облыстық Өзбек этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің өкілдері Түркі халықтарына ортақ Наурыз мейрамын атап өтті. «Сумалак-Наурыз» атауымен ұйымдастырылған жиында өзбек ұлтының бесікке салу, беташар секілді дәстүрлері дәріптеліп, ұлттық құндылықтары ұлықталды.