Бұрын әкімшілік заң бұзушылық саналатын отбасындағы ұрып-соғу жағдайлары енді Қылмыстық кодекске енгізілді. Мемлекет басшысы жаңа заң жобасына қол қойды.

Енді өзгеріске сәйкес іс қозғау үшін жәбірленушінің арызы қажет емес. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желі мен ақпарат беттеріне шыққан дәлелге сүйеніп, тергеу жүргізе алады.