Бізді ортақ тарих пен қазіргі қарым-қатынастар байланыстырады. Армения Президенті Ваагн Хачатурян осылай деді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға алғаш рет ресми сапармен барды. Екі ел арасында автомобиль қатынасы жанданады. Одан бөлек, Цифрлық даму, туризм салаларында да бірқатар ортақ жобалар қолға алынбақ. Жалпы, 10 құжатқа қол қойды.