Таразда әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - Бағдат Сәмидинованың «Мен даланың қызымын...» атты концерті өтті. Шығармашылық кеш әншінің 70 жас мерейтойы мен сахнадағы өнеріне 50 жыл толуына орай ұйымдастырылды.