Ұлт саулығын нығайту мемлекеттік маңызы бар мәселе. Осы орайда 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт – әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы жүзеге асуда.

Жоба аясында аймақта 2023-жылы 24 медицина нысанының құрылысы жүргізіліп, 19 нысан пайдалануға берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын тауып Таразда тағы бір оңалту орталығы ашылды.