Негізгі Жаңалықтар Айтыстың ақтаңгері Айтмұханбет Исақов 60 жасқа толды

Айтыстың ақтаңгері Айтмұханбет Исақов 60 жасқа толды

Айтыскер ақын Айтмұханбет Исақов мерейлі 60 жасқа толды. Ол талай шәкіртті тәрбиелеп, жамбылдық айтыс мектебінің негізін қалауға өзіндік үлес қосқан жан. Одан бөлек әрбір туындысы мен әндері де туған жеріне деген ыстық ықыласпен өріліп, көптің жүрегіне жол таба білді. Еліне деген ерекше құрметі бар азаматты туып-өскен Жамбыл ауданы тұрғындары ескеріп, мерейтойында мерейін тасытты.


Бөлісу