Өз ісін ұнатып, өз отанына еңбек еткен адам-қашанда үлгі. Ел президентінің жарлығына сәйкес бүгінде еңбек адамдарын насихаттауға басымдық берілуде.
Бүгін Таразда өткен еңбек күні мерекесіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Кәлендеров қатысып, еңбеккерлерді марапаттады. Жиынға облыстың әр ауданынан келген еңбек адамдары қатысты.