Қазақ даласының қай қыратының тасын түртсеңде тарихтан сыр шертіп шыға келері ақиқат. Ұлы жібек жолы бойында орналасқан біздің аймақта ежелгі 12 қала өмір сүрген.

Солардың ішінде, сан ғасырлар бұрын салтанат құрып, талай тарихи оқиғалардың куәсі болған, бүгінгі күнге дейін құпиясын құм жасырған қалалардың бірі де бірегейі Баласағұн қаласы.