Сала мамандарының сөзінше соңғы уақытта кәмлетке толмаған жасөспірімдер арасында түрлі зорлық-зомбылық әрекеттер көбейген. Сондықтан Мемлекет басшысы өзінің халыққа арналған Жолдауында балаларға қатысты қылмысқа қолданатын жазаны шұғыл түрде қатаңдатуды тапсырды. Осы мәселені талқылап, шешу жолдарын қарастыру үшін бүгін жауапты сала мамандарының қатысуымен арнайы жиын өтті.