Облыс орталығы күннен күнге көркейіп келеді. Күн санап көне шаһардың көлемі кеңейіп, көрікті кешендері көбейіп келеді.
Мәселен жақында орта Азиядағы ең үлкен аквапарктің құрылысы басталды. Зербұлақ көлінің аумағында орналасқын нысан Таразды гүлдетуге, туризмді түлетуге сеп болар деген үміт бар.