Есірткіге еліккен жастардың соңғы барар екі жолы бар. Бірі түрме, ең қорқыныштысы өлім. Ғасыр дертінің салдары мен зардабы жайлы құзырлы орган өкілдері білімгерлермен кездесуде айтып берді.

Жастармен кездескен мамандар нашақорлық- түбір қорлық екенін айтып, одан бойды аулақ ұстауға шақырды.