Еліміздегі басты саяси науқан – Мәжіліс сайлауы мәресіне жетті. Бұған дейін 7 рет шақырылған Парламент Мәжілісі тарихында алғаш рет 6 партия өкілі заң шығарушы органның 69 мандатына ие болды. Ал бір мандаттық округтер бойынша 29 депутат жеке-дара сайлауға түсіп, іріктеліп шықты.

Жаңа құрам жасақталды. Елдің таңдауы түскен тұлғалар мандаттарын алды, төсбелгілерін тақты. Саяси аламанда алға шыққан азаматтарымыз елдің үмітін ақтауы керек. Бұл Президент қойған басты талап. Бүгінгі сессияда ел президенті бірталай міндет пен межені атап көрсетті.

Барлық істің бел ортасында жүретін халық қалаулыларының дүйім жұрттың үдесінен шығып, ел мүддесін биік қоятынына қоғам өкілдері де зор сенім артады.