Астанада сегізінші сайланған ҚРПарламентінің бірінші сессиясы өтті. Сессияны ашқан ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауда жеңіске жетіп, депутат атанған азаматтардың қызметіне табыс тіледі. Депутаттық мандатқа ие болған азаматтарға мемлекетті дамытып, ел мүддесін қорғау ісіне үлес қосатындарына сенім білдірді. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсынғанын айтқан мемлекет басшысы бастамаларымыздың халықтың шынайы қолдауына ие болғанын жеткізді. Оның айқын дәлелі – былтырғы референдум. «Біз тәуекелге бел буып бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауықымды жұмыстар атқарылды", деді президент.

Сессия отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев сан саланы дамыту мен өркендету, жаңғырту бағыттарын айқындап берді. Баршаны мемлекететті бірге өркендетуге үндеді.