Мемлекет басшысының Жолдауында суармалы аумақты 2030 жылға қарай 3 млн. гектарға дейін жеткізе отырып, су шығынын 40% - ға дейін азайту қажеттігі туралы айтылған еді. Осы мақсатта Таразда су шаруашылығы ҚазҒЗИ мамандары мен су ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша өз жобаларын ұсынған шетелдік компаниялар өкілдерінің қатысуымен техникалық кеңес өтті.