Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай бірнеше мәрте сайлау өткізіп, халық өздерінің таңдауын жасады. Міне, кешегі кезектен тыс өткен Парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау да өз мәресіне жетті. Бұл саяси доданың бір ерекшелігі –бұрынғыдай бір ғана емес, жеті бірдей партия сайлауға түсті, сондай-ақ биылғы саяси бәсекеде азаматтардың белсенділігі жоғары болды.