Күні кеше елімізде кезектен тыс мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Ел болашағы үшін саяси додада халық бір кісідей атсалысып, өздері сенім артқан кандидаттарына дауыс берді.

Жамбылдықтар да бұл маңызды сәттен қалыс қалмай, таңдау жасады, сайлауға қатысты. Таңсаріден тұрып, аттың басын сайлау учаскелеріне бұрғандардың ішінде алғаш рет дауыс бергендер де, жас жұбайлар да, ғасыр жасаған қариялар да баршылық. Бұл әлбетте, ел болашағына әулиеаталықтар бей-жай қарамайтынын аңғартса керек.