Ауа райының жылынуына байланысты шаһарда қаңтар айында жауған және бірнеше апта бойы жатқан қар ери бастады. Қала көшелері мен тұрғын үйлерді су басудың алдын алу мақсатында облыс орталығында жолдарды тазалау жалғасуда. Сонымен қатар, Талас өзенінде жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілуде.