"Алель агро" компаниясы Жамбыл облысында жылына 25 мың тонна құс етін өндіруге ниетті. Компания өкілдері осы бағыттағы жоспарымен бөлісті.


Осы орайда Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов инвесторлармен кездесу өткізді. Онда жобаның тиімділігі мен жалпы өңір экономикасына әсері жайында кәсіпкерлермен пікір алмасты.