Ақырын жүріп, анық бас. Бұл сөз көлік тізгіндеушілерге қатысты. Таразда жол-қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 3 көше қиылысы мен 12 желілік учаскеде «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені орнатылды. Бүгін облыс әкімі жылдамдықты арттырғыш жүгенсіз жүргізушілерді жөнге салу үшін «Сергек» бойынша айыппұл салуды бастауға жауаптыларға пәрмен берді.