Жуалының әйгілі мақтанышы – Берікқара шатқалы ала – жаздай балалардың шаттығына бөленеді. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары аясында мыңнан аса баланы сондағы лагерде демалдыру көзделіп отыр. Тау шатқалындағы балдырғандар демалысын Данияр Асқарұлы да көзбен көріп қайтты.
Баурайы қызғалдақпен сирек кездесетін фауна мен флораға бай Берікқара шатқалындағы демалыс орындарының қатары жыл санап артып келеді. Солардың бірі мына «Берікқара» демалыс кешені.Қазіргі уақытта мұнда Жуалы ауданындағы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 400 бала демалуда.
Мұндағы демалыс орнында жанға жайлы, демалысқа керекті жағдайдың бәрі қарастырылған. Негізгі кешен төрт қабатты ғимараттан тұрады. Одан бөлек, туристер үшін бөлек-бөлек жер үйлер салынған. Мұндағы тәрбиешілердің айтуынша балаларға жас ерекшеліктеріне қарай қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады, әрбір күн таңертең жаттығумен басталады.
Ләззат Аманжолқызы / Тәрбиеші
Табиғаты саф ауасымен, мыңдаған емдік шөптердің хош иісі аңқыған жұпарымен, құстар және жануарлар дүниесінің сан алуандығымен ерекшеленетін шатқалда демалудың өзі бір бақыт. Балалар ашық аспан астында орналасқан бассейнде суға түсіп, кино залында фильм көруге мүмкіндік бар. 12 күндік демалыс уақытында баланың әр күні түрлі оқиғаға толы болатыны сөзсіз.
Мадияр Сәрсенбай / Оқушы
Бұл жерде балалар үйлеріне көтеріңкі көңіл-күймен аттанады. Жуалының Қаратау жотасында орналасқан осынау әсем мүйісте осы маусымда 1200 бала кезең-кезеңімен демалмақ.
Данияр Асқарұлы
Тоқтар Терлікбай «ЖҚ»