Тараз қаласында бір түнде жеңіл жүрісті 20 бойжеткен ұсталды. Олар тәнін сатуды кәдімгі бизнес көзіне айналдырған түнгі көбелектер.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері шаһардағы бірқатар сауықтыру кешендерін, қонақ үйлер мен ойын-сауық орындарын тексерді. Тәнін сатып, ақша табуды әдетке айналдырған, кез келгенмен қосылудан қысылмайтын қыздар камерадан бет-жүзін алып қашуда. Рейд барысында ұсталған 20 азаматшаның барлығы арнайы сараптамадан өткізіліп, есепке алынды. Сондай-ақ, ол қыздармен профилактикалық бағытта әңгіме жүргізілді.