Нұрсұлтан Назарбаев «Жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалардың орталығына барды. Елбасы жел, күн, су және геотермальды ресурстардың әлеуеті, қатты тұрмыстық қалдықтар мен биомасса полигондарының орналасуы туралы ақпаратпен қамтылған цифрлық алаңмен танысып шықты. Баламалы энергия көмірді түбегейлі ығыстыруы үшін оның өзіндік құны да қолжетімді болуы тиіс. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл» технологияларды дамытудың рөлі зор екенін айтты.
Қазақстанды «жасыл» болашаққа жетелейтін идеялар осы орталықта жинақталған. Баламалы энергия алу, қоршаған ортаға зиян келтірмей қатты қалдықтарды өңдеу тәсілдері. Елімізде жүзеге асырылып жатқан және келешекте іске қосылуы тиіс жобалар жайлы ақпарат беретін цифрлық алаңмен танысқан Нұрсұлтан Назарбаев жасыл технологиялардың маңыздылығын атап өтті.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, ЕЛБАСЫ
2010 жылы БҰҰ сессиясында 2015 жылы Қазақстан жасыл көпірге айналады дегенім рас. Париж кеңесі жасыл шар тақырыбына арналған еді. Баламалы энергияның өзіндік құны әзірге жоғары боп тұр. Су, жел энергиясы бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана ілгерілеу байқаймыз. Сондықтан бұл жерде технологияларды дамыту өте маңызды.
Тілші: Көмір жағып, көк түтінге тұншықпас үшін электр энергиясын ауадан, не судан алу ұсынылып отыр.
Шум. 03:45 Проект каскада на реке в Алматинской области. Каскад будет состоять из 4 малых ГЭС. Суммарная мощность каскада 30 мегаватт.
- Речка-то небольшая.
- 4 на начальном этапе и можно будет увеличить до девяти. Также для баланса предложили центру солнечную электростанцию, которая будет регулировать подачу электроэнегии в Нуркент, СЭС Хоргос, на данный момент агропромышлнный комплекс растет в регнионе и мы должны её заранее проработать.))
Кей өңірлер жасыл энергетиканың жемісін де көре бастады. Мәселен, Қарағанды облысында қаңтарда қосылған күн электр станциясы елдің электр жүйесіне 100 мегават беріп жатыр. Енді осындай тағы 5 жоба жүзеге асыру жоспарда бар.
Сіз әрдайым жасыл энергетиканы қолдап келесіз. Жаңа тарифтік саясатты енгізуді тапсырдыңыз және бірыңғай сатып алушы моделін енгізуді тапсырдыңыз. Сол тапсырманы орындау мақсатында НУ жас ғалымдары Германия мен Ұлыбританың озық тәжірибесін зерделей отырып, Қазақстан энергетикасының моделін жасадық және оны Қарағанды электр стансасында нақты сынақтан өткіздік. Нәтижесінде моделіміз жүйелік шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді. Тарифтік саясатты оңтайландыруға мүмкіндік береді. Және 5 пайызға дейін шығындарды үнемдеуге алып келді.
Қазақстандық ғалымдардың идеялары шетелде де сәтті жүзеге асып келеді. Нұрсұлтан Назарбаевқа геотермалды энергия арқылы үйлерді жылыту жобасы таныстырылды.
Мы в Исландии используем геотермальную энергию для отопления ста процентов домов. Сейчас мы сотрудничаем с Китаем и у нас есть совместные предприятия. В Китае геотермальную энергию уже используют в 60 городах.
- И что в Казахстане на каком объекте вы хотите работать?
- В Южном Казахстане и в Туркестанской области есть большой потенциал. В этих областях мы можем начать работу.
- Что нужно для того, чтобы начать?
- Нам нужен партнёр в Казахстане. Провести разведку и начать работу.
- Для нас совершенно новая отрасль. Мы будем обязательно поддерживать.
Сондай-ақ елбасы қатты қалдықтарды өңдеуге бағытталған жобаларды да қолдауға уәде етті. Елордада қазіргі күні қалдықтардың 15 пайызы ғана қайта өңделеді. Мақсат – 75 пайызға жеткізу. Бас қаладағы полигонда қатты қалдықтардан биогаз алу үшін жаңа технологияларды іске қосу жоспарда бар. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жобаны өзге қалаларда енгізуді тапсырды. Осылайша, екі жыл Экспо көрмесін өткізген бас қала жасыл технологияларды дамытуға бастайтын басты орталыққа айналып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев баламалы энергияны дамыта түсіп, бұл салаға көбірек инвестиция тартуды тапсырды.